Солтүстік Корея Ресейге тағы 5 мың сарбазын жіберді

260

Оңтүстік Кореяның барлау қызметі осындай ақпарат таратты. 

Солтүстік Корея Ресейге тағы 5 мың сарбазын жіберді Фото: РБК

Солтүстік Корея Ресейге 5 мыңға жуық әскери қызметкерін жіберген. Бұл туралы "Рёнхап" агенттігі Оңтүстік Кореяның барлау комитетіне сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

"Қыркүйек айынан бастап 5 мыңға жуық солтүстіккореялық әскери құрылысшы кезең-кезеңімен Ресейге жіберіліп жатыр, олар инфрақұрылымды қалпына келтіру жобаларына қатысады", – деді депутат Ли Сон-гвон.

Оңтүстік Корея барлау қызметінің дерегінше, бүгінгі таңда Ресей мен Украина шекарасы маңында шамамен 10 мың солтүстіккореялық әскери қызметші бар. Тағы мыңға жуық КХДР сарбаздары миналарды тазарту жұмыстарымен айналысуда. Ли Сон-гвонның сөзінше, Украинадағы соғыста Солтүстік Кореяның 600 сарбазы қаза тапқан.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі КХДР соғысқа қатысу үшін жіберілген шамамен 2000 әскери қызметшісін жоғалтты деген болжам жасаған еді. AFP агенттігі 2024 жылдың қазан айынан бері Солтүстік Корея Ресейге әскери қызметшілерден бөлек, артиллериялық снарядтар, зымырандар және алыс қашықтыққа арналған зымыран жүйелерін жібергенін де хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу