Солтүстік Корея тағы екі зымыран ұшырды

1767

Бұл Солтүстік Кореяның соңғы үш аптада жүргізіп отырған алтыншы сынағы.

Солтүстік Корея тағы екі зымыран ұшырды

Ресми Пхеньян Жапон теңізіне қарай екі зымыран ұшырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Ресми дерекке сүйенсек, снарядтар Канвандо провинциясында сынақтан өткізілген. Әзірге зымыранның моделі, қандай қашықтыққа ұшырылғаны туралы ақпарат жарияланбады.

Бұл Солтүстік Кореяның соңғы үш аптада жүргізіп отырған алтыншы сынағы. Бұған түрткі болып отырған Вашингтон мен Сеулдің бірлескен әскери жаттығулары. Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әрекеттері Солтүстік Кореяға басып кіруге бағытталған деген пікірде. Тіпті кеше олар Сеулмен ешқандай келіссөз жүргізбейтінін мәлім еткен еді. Өйткені бұған дейін ел президенті Ким Чен Ын оңтүстіккореялықтар Құрама Штаттармен ортақ әскери әрекеттерін доғармаса, басқа бағытқа бет бұратынын бірнеше мәрте айтып сес көрсеткен болатын. 

Ал АҚШ пен Қытай әскери жаттығулардың қорғаныс мақсатында ұйымдастырылып жатқанын алға тартуда. Қос тараптың айтуынша, жаттығулардың мақсаты Оңтүстік Кореяның екі жақтың қарулы күштерін әскери режимге енгізе алатындығын тексеру болып отыр.  

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу