Солтүстік Корея ядролық арсеналын күшейтпек

120

Бұл туралы Кореяның орталық телеграф агенттігі жазды.    

Солтүстік Корея ядролық арсеналын күшейтпек Фото: www.kcna.kp

КХДР елдің ядролық арсеналын күшейтуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы Ким Чен Ын Пхеньянда өткен Еңбек партиясының тоғызыншы съезін қорытындылаған әскери парадта айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report агенттігіне сілтеме жасап.

"Біздің партия ұлттық ядролық қуатымызды одан әрі кеңейтіп, нығайтуға ниетті. Сонымен қатар ядролық мемлекет мәртебесін толық пайдалануымыз қажет", – деді КХДР төрағасы.

Ким Чен Ынның сөзінше, АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсарту мүмкіндігі Вашингтонның ұстанымына тікелей байланысты. Ол АҚШ Солтүстік Кореяға қатысты текетіресін тоқтатып, елдің қазіргі мәртебесіне құрметпен қараған жағдайда, тараптардың өзара ынтымақтастық орнатпауына ешқандай негіз жоқ екенін айтты.

Reuters агенттігінің жазуынша, КХДР көшбасшысы АҚШ президентінің бірінші президенттік мерзімі кезінде онымен үш рет кездескен. Десек те, Ким Чен Ын Дональд Трамптың жаңа кездесу туралы ұсынысын қабылдамады.

Бұл ретте Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу