Солтүстік Корея жақын қашықтыққа арналған қару түрін сынады

809

Солтүстік Корея жақын қашықтыққа арналған қару түрін сынады

Бұл жолы Пхеньян жақын қашықтыққа арналған қару түрін сынаған. Оңтүстік Корея әскерилерінің мәлімдеуінше, көрші ел Канвондо аймағынан Жапон теңізіне қарай 3 зымыран атып, олар 250 шақырымдай дейін ұшып барып құлаған, деп хабарлайды 24.кз.

АҚШ тарапы да бұл мәліметті растап отыр. Бірақ америкалықтар: "Сынақ сәтсіз болды", – дейді.

Айта кетейік, Корея түбегінде жағдай шілде-тамыз айында күрт шиеленісіп кетті. Оған Пхеньянның баллистикалық зымыран ұшыруы себеп. Осыдан кейін АҚШ Солтүстік Кореяны қатты сынға алып, Біріккен Ұлттар Ұйымы санкцияларды күшейтті. Ал Пхеньян Құрама Штаттардың Гуам аралына соққы беретінін айтып сес көрсетті. Бірақ өткен аптада Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ-тың әрекетін тағы біраз бақылайтынын айтып, текетірес сәл саябырсыды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу