Солтүстік Кореяда туған бесемдер перзентханадан шықты

228

Ел тарихында алғаш рет тіркелген бесемдер ауруханада бес ай бойы бақылауда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Кореяда туған бесемдер перзентханадан шықты Фото: Anadolu

Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі (KCNA) хабарлағандай, Пхеньян қаласының тұрғыны Пак Кён Сим бірден бірнеше баланы күтіп жүргенін білген соң босану үйіне жіберілген.

Пак ерекше медициналық көмек алған және 31 қаңтарда бес баланы дүниеге әкелген — екі ұл және үш қыз. Бұл ел тарихындағы алғаш рет ресми тіркелген бесемдердің дүниеге келуі.

Хабарламада бес ай бойы бақылауда болған нәрестелердің сәтті шығарылып, үйлеріне жіберілгені айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу