Солтүстікте құны 29 млрд теңгеден асатын логистикалық хаб салынады

593

Нысанда Ozon мен Alibaba-ның логистикалық кешені орналасады.

Солтүстікте құны 29 млрд теңгеден асатын логистикалық хаб салынады Фото: gov.kz

Петропавлда Ozon және Alibaba сауда алаңдарының тауарларын сақтап, өңдеп, таратуға арналған халықаралық логистикалық кешен салу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жобаны Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвесторлар жүзеге асырмақ. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Royal Investment International компаниясының құрылтайшысы Марат Салиховпен кездесіп, кешеннің тұжырымдамасын талқылады.

Болашақ кешеннің жалпы аумағы 102 мың шаршы метр болады. Оның құрамына азық-түлік пен халық тұтынатын тауарларды сақтайтын қоймалар, жүктерді қайта тиеу аймақтары және кеңсе ғимараттары кіреді.

Жоба "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл мақсатта көлік-логистикалық нысандарды орналастыруға арналған №8 қосалқы аймақ құрылған. Қазір оның бас жоспары әзірленіп жатыр.

Әкімдік мәліметінше, кешеннің құрылысы өңірге инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу