Солтүстік өңірлердің тұрғындарына "өңірлік үстемеақы" енгізу ұсынылды

192

Солтүстікте халық саны азайып жатыр.

Солтүстік өңірлердің тұрғындарына "өңірлік үстемеақы" енгізу ұсынылды Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода солтүстік өңірлердің тұрғындары үшін арнайы "өңірлік үстемеақыны" енгізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның депутаттық сауалы елдің солтүстік өңірлеріндегі халықтың өмір сүру сапасына арттыру мәселесіне арналды. 

"Климаттық жағдайлар, әлеуметтік, коммуналдық, жол инфрақұрылымының жағдайы аймақты өмір сүруге тартымсыз етеді. Мәселен, жылыту маусымы 7 айдан астам уақытқа созылады. Еліміздің солтүстігі газдандырумен аз деңгейде қамтылған. Мұнда халықты таза ауыз сумен қатамасыз етудің көрсеткіштері айтарлықтай төмен, жолдардың сапасы сын көтермейді. Орташа жалақы деңгейі елдің көрсеткішінен төмен. Салдарынан көптеген жыл бойы солтүстік аймақтарда халық санының азаюы байқалып отыр", - деді депутат.

Халық қалаулысы шетелдің тәжірибесінен мысал келтірді.

"Солтүстік өңірлеріміздің климатына ұқсас басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қиын климаттық жағдайда тұратын  өңірлердің тұрғынадары үшін түрлі қаржылық қолдау құралдары іске асырылып келеді. Тиісті шәкіртақы, зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленеді", - деп жалғастырды ол.

Дмитрий Колоданың сөзінше, арнайы "өңірлік үстемеақыны" енгізу өмір сүру жағдайлары қиын аймақтардың тартымдылығын арттырады. Екінші фактор – солтүстік өңірлерді газдандыру. 

Мәжілісмен осы мәселеге қатысты бірқатар ұсыныс тастады.

"Солтүстік өңірлердің тұрғындары үшін арнайы "өңірлік үстемеақыны" енгізу бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз. Жас мамандарды тарты үшін коэффициенттерді ескеру қажет. Аймақтың зейнет жасындағы тұрғындарына "өңірлік үстемеақыны" енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн. Бұдан басқа Қазақстанның солтүстік өңірлерін газдандыру мәселесін тездетіп шешу қажет", - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу