Солтүстік теңізде істен шыққан алып жүк кемесінің экипажы құтқарылды

124

Нидерланд жағалауына таяу жерде дауылға ұшыраған UHL Freedom жүк кемесі якорінен айырылып, басқаруға келмей, істен шыққан.

Солтүстік теңізде істен шыққан алып жүк кемесінің экипажы құтқарылды Фото: BILD

Кеме бортында 25 экипаж мүшесі болған, олардың үшеуі жарақат алды. Зардап шеккен екі адам тікұшақпен эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

BILD ақпаратынша, оқыс оқиға жексенбі күні германиялық Боркум аралынан батысқа қарай 30 шақырымдай жерде, Нидерландтың Схирмонниког аралының маңында болды.

Бофорт шкаласы бойынша 9 балдық дауылдың салдарынан кеме жел мен ағыстың ықпалымен еркін жүзіп кеткен. Қозғалтқыштағы ақаулар жағдайды одан сайын ушықтыра түсті.

Экипажға көмекке Нидерландтың құтқарушылары мен Германияның Hamburg құтқару кемесі келіп жетті. Тікұшақпен жеткізілген дәрігерлер бортында жараланғандарға алғашқы көмек көрсетті. Сондай-ақ апат орнына шұғыл сүйреуші кемелер аттандырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу