Солтүстікке қоныс аударғандарға жер беріледі

864

Тиімді еңбек нарығын қалыптастыру үшін елдің көші-қон саясатын дамыту маңызды. Президент Жолдауында осы мақсат үшін көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндеттелген.  

Солтүстікке қоныс аударғандарға жер беріледі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жанданған, қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті құрылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ералы Тоғжанов елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударатын азаматтарға төлемдердің қолданыстағы тетігі жетілдірілетінін жеткізді. Осылайша төлемдер тек әкімдіктер арқылы ғана емес, сонымен қатар оңтүстік өңірлерден қызметкерлерді өз бетінше жалдайтын жұмыс берушілердің шығындарын өтеу арқылы да бөлінетін болады. Сондай-ақ қоныс аударушыларға үй салу үшін ғана емес, ауыл шаруашылығы жұмысын жүргізу үшін де жер учаскелерін беру қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу