Соңғы 5 айда Украинада қаза тапқан ресейліктер саны 20 мыңға жетті

3093

Қаза тапқандардың басым көпшілігі Бахмут шайқасына қатысқандар және олардың тең жартысы "Вагнер" жалдамалы әскер сарбаздары.  

Соңғы 5 айда Украинада қаза тапқан ресейліктер саны 20 мыңға жетті Фото: Егемен Қазақстан

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің өкілі Джон Кирби америкалық барлаудың деректеріне сілтеме жасай отырып, Украинадағы соғыста соңғы бес айда 20 мыңнан астам сарбаз қаза тауып, тағы 80 мың адам жарақат алғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Кирбидің бағалауы бойынша Ресейдің Донбасстағы шабуыл операциясы сәтсіз аяқталды. "Ресейдің Донбассқа шабуылды негізінен Бахмут арқылы жүзеге асыру әрекеті сәтсіздікке ұшырады", - деді Ақ үйдің өкілі. Сонымен қатар, ол Бахмутта Ресей сарбаздарынан айырылып қана қоймай, әскери қорының да түбіне жеткен.

"Біздің есептеулеріміз бойынша, тек желтоқсаннан бері алғанның өзінде Ресейдің шығыны 100 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде 20 мыңнан астамы қаза тапты", - деді АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің өкілі. - [Қаза тапқандардың] жартысына жуығы "Вагнерлықтар", олардың көпшілігі Бахмут шайқасына жеткілікті жауынгерлік тәжірибесіз, ешқандай дайындықсыз, ұйымдастырушылық әрі командалық тәртіптің кез-келген түрінсіз соғыс отына лақтырылған ресейлік тұтқындар болды".

Ресейдің әскери шығындарын жария еткен Кирби Украина жайлы мағлұмат беруден бас тартты.

АҚШ Әскери-теңіз талдау орталығының ресейлік бағдарламасының директоры Майкл Кофман өзінің твиттерінде Кирбидің ресейлік шығындары "бағалау спектрінің жоғарғы шегі", ал оның төменгі шегі Ақ үйде аталған санның шамамен 80-85% құрайды деп болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу