Соңғы 5 жылда 125 апат тіркелді

838

Сенатта өткен үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биыл қауіпті өндірістік нысандарда қанша апатты жағдай тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Соңғы 5 жылда 125 апат тіркелді

"Жыл басынан бастап санағанда қауіпті өндірістік нысандарда 18 апат тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 25%-ға азайды", – деді министр.

Юрий Ильин қауіпті өндірістік нысандарда болған апат салдарынан 16 адам зардап шегіп, 9 адам қайтыс болғанын айтты.

"Биыл апаттың азайғанына қарамастан өндірісте авариялық жағдайдың туындау қаупі бұрынғысынша жоғары деңгейде қалып отыр. Соңғы 5 жылда авариялық жағдайдың көрсеткіші 30%-ға өсті. 125 апат тіркеліп, 110 адам зардап шегіп, 53 адам қайтыс болды", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу