Соңғы 5 жылда Қазақстанда әуежолаушыларын тасымалдау 44%-ға ұлғайды

1100

Соңғы 5 жылда Қазақстанда әуежолаушыларын тасымалдау 44%-ға ұлғайды

Азаматтық авиация саласында соңғы бес жылда негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалуда. Қазақстандық әуе компаниялармен жолаушылар тасымалдау 4,1 млн адамнан 5,9 млн адамға, 44% ұлғайды.
Ел аумағындағы әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылардың саны соңғы жылдары тұрақты, орта есеппен 9 %-ға өсті. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мәлім етті

Оның айтуынша, ТМД мүше-мемелекет елдері арасында Қазақстан жолаушыларды тасымалдаудан екінші орынға ие. 2015 жылы Астана (10 орын) және Алматы (6 орын) әуежайлары қызмет көрсетілген жолаушылар саны бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің ірі халықаралық әуежайлар ондығына енді.
Бүгінгі күні ҚР 20 қолданыстағы әуежайлардың 14-де ҰҚЖ (ұшу-қону жолағы) және 10 жолаушылар терминалдарында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Петропавл қаласы терминалын қайта жөндеу жұмысын аяқтау жоспарлануда. Ал, 2020 жылға дейін Семей, Қостанай және Өскемен әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңғырту көзделіп отыр.
"Ұшу-қону жолақтарын қайта жөндеу бойынша қабылданған міндеттемелерді мемлекет толыққанды орындайды. Әуежай иелері терминалдарды қайта жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз етулері қажет", – деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу