Соңғы 3 жылда елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды

103

Тұрғын үй құрылысы да тұрақты әрі қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты.

Соңғы 3 жылда елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды Фото: canva.com

Президенттің айтуынша, басқа іргелес елдермен салыстырсақ, бұл, расында, жан басына шаққанда ең жоғары құрылыс ауқымы. Қаладағы 520 мыңнан астам, ал ауылдағы 70 мыңға жуық отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да дамып жатқанын айтап өтті.

"Соңғы жылдары мыңдаған заманауи мектеп және медицина, мәдениет, спорт нысандары салынып, күрделі жөндеуден өтті.

Шын мәнінде, қазіргі таңда еліміз үлкен бір құрылыс алаңына айналды деуге болады. Қай жаққа қарасаңыз да құрылыс, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұны аймақтарға жиі баратын, елімізді жиі аралайтын азаматтар көріп, біліп жүр", – дейді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу