Соңғы үш жылда Шымкент қаласының бюджеті 3 есе өскен

985

Мегаполиске 1,2 трлн теңгеден аса инвестиция тартылды.  

Соңғы үш жылда Шымкент қаласының бюджеті 3 есе өскен

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Үш жыл бұрын Елбасының жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкентке үлкен өзгерістер әкелді", – деген Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов үш жылдың даму көрсеткіштерін баяндады. 

"Жалпы үш жылда 1,2 трлн теңгеден аса инвестиция тартылды. Осы аралықта қала бюджеті 131,2 млрд теңгеден биыл 481,6 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе болмақ. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 425 млрд теңге болса, жыл соңында 710 млрд теңге болады деп күтілуде", – деді Мұрат Әйтенов.

Шымкентте үш жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бұл көрсеткішті 1 млн-ға жеткізу жоспарланып отыр. 

"Соңғы үш жылда, биылды қосып есептесек, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынатын", – деді мегаполис әкімі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу