Еліміздің оңтүстік аймақтарында су тапшылығы қатты сезілуде

Сондықтан гидротехникалық құрылыстардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Еліміздің оңтүстік аймақтарында су тапшылығы қатты сезілуде Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Соңғы жылдары суармалы егіншілігі дамыған еліміздің оңтүстік аймақтарында су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Биылғы вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін, өткен жылдың желтоқсанынан бастап дайындық жұмыстары басталды", - деді Сейілбек Нұрымбетов.

Оның айтуынша, 2022-2023 жылдардың вегетацияаралық және вегетациялық кезеңдеріндегі жұмыс жоспары бекітілді. Оның шеңберінде қазір бірқатар іс-шара іске асырылып жатыр

"Біріншіден, фермерлерді суармалы сумен және жоғарғы ағыста орналасқан су қоймаларынан қосымша су жіберуді қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттермен жұмыс жасалуда. Екіншіден, гидротехникалық құрылыстардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Үшіншіден, суару жүйесінің магистралдық және шаруашылықаралық каналдары тазаланып жатыр", - деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу