SOS дабылы ажалдан арашалады: Алматы тауларында жартаста тұрып қалған азамат құтқарылды

515

Таудағы серуен жас жігіт үшін қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді.

SOS дабылы ажалдан арашалады: Алматы тауларында жартаста тұрып қалған азамат құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Кеше кешке Алматы тауларында 5 сағатқа созылған құтқару операциясы сәтті аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мыңжылқы" үстіртінен түсіп келе жатқан туристер тобы қараңғыда SOS белгісін беріп тұрған жарықты байқайды. Қашықтық алыс болғандықтан, айқайлаған дауыс естілмеген.

Құтқару қызметі мен ТЖМ "Барыс" жасағы дереу көмекке аттанды.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, жартаста тұрып қалған адаммен дауыс арқылы байланыс орнатты. Белгілі болғандай, 1996 жылы туған азамат ешқандай дайындықсыз және жабдықсыз тік жартасқа шықпақ болған.

Жігіт жотамен жалғыз келе жатып, тайып кеткен. Құлау кезінде ішінде жылы киімдері бар рюкзагі төмен ұшып кеткен. Ол тек спорттық костюммен және қолындағы кішкентай фонарьмен тар белдеуде қалып қойған. Өз бетінше түсе алмаған соң, SOS сигналын бере бастаған.

5 сағатқа созылған күрделі өрмелеуден кейін құтқарушылар зардап шегушіге жетті. Оны құтқару үшін мамандар кәсіби сақтандыру құралдарын қолданып, жартастың жоғары жағынан түсу арқылы күрделі маневр жасады.

Құтқарушылар жігітке ыстық шай беріп, үстіне жылы күртеше кигізді, содан соң аман-есен төменге түсірді. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу