"Сот отырысына бірнеше рет келмеген" жүргізуші қамауға алынды

283

Жалған нөмір тағып, полициядан қашқан.

"Сот отырысына бірнеше рет келмеген" жүргізуші қамауға алынды Фото: gov.kz

Таразда жалған мемлекеттік нөмір таққан Range Rover жүргізушісі полицияның талабына бағынбай, қашуға тырысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот шешімімен 38 жастағы қала тұрғыны әкімшілік қамаққа алынып, көлік басқару құқығынан айырылды.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан көлікті анықтаған. Патрульдік полиция оны тоқтатуға әрекет жасаған кезде жүргізуші заңды талапқа бағынбай, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып қашуға тырысқан.

Кейін ол сот отырысына бірнеше рет келмеген. Мәжбүрлеп жеткізілгеннен кейін ғана сот алдында жауап берді.

Полиция өкілдері құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен жалтару әрекеттері жазасыз қалмайтынын ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу