Сот Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа шешім шығарды

Мұндай жаңалықты іс бойынша төрағалық етуші судья Сабыржан Кәрімов хабарлады. 

Сот Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа шешім шығарды Фото: Tengrinews.kz / Санжар Мустафин

Ол сот процесіндегі БАҚ өкілдерінің жұмысына қатысты шешімін айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Журналистер мен операторлар сот процесі бойынша сот ғимаратынан хабар тарату мүмкіндігіне ие. Бірақ, оларға бірқатар шектеу де қойылған. 

Бүгін Астанада "ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікпен ұсталған ерікті Перизат Қайратқа қатысты басты сот отырысы басталып отыр. 

– Негізгі сот отырысы бейнебайланыс арқылы өтуі мүмкін, шешімді төрағалық етуші шығарады. Сотталушылар Қайрат пен Алашпаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ашық өтіп жатыр. БАҚ өкілдерінің қатысуы шектелген жоқ. Бүгінгі уақытта 70-тен астам БАҚ өкілі қатысуға өтініш білдірді, – деді судья Сабыржан Кәрімов. 

С.Кәрімов сотталушылардың өтінішімен олардан жауап алу кезінде, яғни сотталушылар түсініктеме берген кезде, сонымен қатар, дәлелдемелерді зерттеу кезінде құпия ақпарат болуы мүмкін екендіктен, сот талқылауының жариялылығын шектеу туралы шешім қабылдағанын айтты. 

Судьяның сөзінше, сотталушылар сот отырысының кез келген уақытында айғақ бере алады. Ал БАҚ өкілдері құрал-жабдықтарымен сот отырысы залынан шығып-кіруі үшін сот көп үзіліс жариялауға мәжбүр болады. Әрі процеске қатысушыларды да алаңдатады. Сондықтан, журналистер мен операторлар Перизат Қайраттың ісін сот ғимаратындағы баспасөз орталығынан ғана көре алады. Десек те, сот процесін, Перизат Қайратты, оның анасын және адвокатты түсіруге тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, сот ғимаратынан тікелей эфирге шығуға немесе бейнебайланысты қайта трансляциялауға да мүлдем болмайды. 

Бұған дейін Перизат Қайрат пен оның анасына қандай айып тағылғанын және олардың бұл айыппен келіспейтінін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу