Сот Трамптың компанияларын алаяқтық үшін кінәлі деп тапты – БАҚ

534

Мұндай үкім екі компанияға қатысты. 

Сот Трамптың компанияларын алаяқтық үшін кінәлі деп тапты – БАҚ Фото: google

Нью-Йорк Манхэттендегі алқабилер соттары АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа тиесілі Trump Organization құрамындағы екі компанияны 15 жыл ішінде салықтық алаяқтық пен қаржылық құжаттарды бұрмалағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

Бұрынғы мемлекет басшысының есімін сот процесінде жиі айтылғанымен, Трамптың өзіне және оның отбасы мүшелеріне айып тағылған жоқ, деп CNN хабарлады.

Мысалы, процеске қатысқан прокурорлардың бірі Трамптың салықтық алаяқтыққа "нақты рұқсат бергенін" айтты.

"Дональд Трамп компания ішінде жылдар бойы болып жатқан дүниені білмеуі, көрмеуі мүмкін емес", - деп CNN прокурордың мәлімдемесіне сілтеме жасайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу