Сотта күдіктінің әпкесі марқұм Шерзат пен әкесі Қаржаубайды айыптады

Жарыссөзде сөз алған Әскентай Дарханның әпкесі де оқиғаның басталуына тікелей Қаржаубай Нұрымов пен Шерзат Полаттың қатысы бар екенін жеткізді. 

Сотта күдіктінің әпкесі марқұм Шерзат пен әкесі Қаржаубайды айыптады Фото: zhogargy sot

Сондай-ақ, ол сот отырысында жәбірленушілердің інісі Дарханға жедел жәрдем шақырмағанын айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Дархан телефонмен сөйлесіп тұрғанда марқұм Шерзат "Сен әкеме не дегің келіп тұр?" деп бәле іздеген. Дархан ешқандай да оның анасынан боқтамаған. "Жүр, әкеңе барайық" деп бұрыла бергенде Дарханды Шерзат себепсіз ұрып жіберген. Қолында кастет болған, тергеуде бұл айтылған. Ауруханадан шыққан соң, тергеушілер оны іске кіргізбеген. Тергеу ісі аяқталғаннан кейін "ұрды, соқты" деген сөзді неге қосып отырсыздар?" деп өзім барғанмын. Сонда "Азамат Тоқтаубаевтың қарсылық сөзі бар" деді тергеуші. "Топтық болғандықтан, бұл міндетті түрде қосылады" деді. Азамат өзінің жалған мәлімет бергенін айтып өтті. Тергеуші ол сөзін "тергеу шешеді, біз шешпейміз" деп мені шығарып тастады, – деді ол.

Оның сөзінше, жәбірленуші тарап інісі Дархан Әскентайдың жағдайын көре тұра жедел жәрдем шақырмаған.

– Сараптамалық қорытындыға назар аударатын болсақ, "Дархан Әскентайға қатты зақым келген" деп жазылған. Шерзат ұрып жіберген соң, Қаржаубай бетін сумен жуып, баласы Шерзатқа ұрысқан. Осы сәтте видеоға назар аударсаңыз, Дархан қара пакетін алып, бұрылып кетіп қалады. Жүруге шамасы болмаған соң, досы Нұрболға хабарласып, үйіне жеткізіп салуды сұрайды, Осы сәтті көрген Шерзат та, әкесі Қаржаубайда 103-ке хабарласпады, адам құрлы көрмеді, – деді Әскентай Дарханның әпкесі.

Inbusiness.kz тілшісі бұған дейін "Прокурор Шерзаттың өліміне күдіктілерге 1,6 жылдан 23 жылға дейінгі жаза сұрады" деген тақырыпта материал жариялаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу