Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Т. есімді азамат браконьерлікке қатысты басқа бір қылмыстық іс бойынша куә ретінде шақырылған. Сот кезінде ол қасақана жалған мәлімет берген.
"Оның бұл әрекеті сотты жаңылыстырды. Сол арқылы ер адам танысына қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға көмектеспек болған", – делінген ақпаратта.
Сот Т.-ны Қылмыстық Кодекстің 420-бабы бойынша (көрінеу жалған айғақ беру) кінәлі деп таныды. Сот шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу