Сотталғандар шығарма жазып төлем картасын ұтып алды

1365

Шығарма жазу байқауына экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтары қатыстырылды. 

Сотталғандар шығарма жазып төлем картасын ұтып алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 республикалық  мекемесіндегі жазасын өтеушілер шығарма жазып Қазақтелекомның төлем картасын ұтып алды.

Басты мақсат – сотталғандардың санасында ізгі ой қозғап, жағымды көңіл-күй сыйлау.

Бойларында жақындарына деген мейірімділікті арттыру, адамгершілікке баулу болып табылды.

Шараны мекеме психологтарымен " Асыл мұра - Орда" қоғамдық  қоры бірігіп өткізді.

Бүгінгі байқауға "Менің отбасым" тақырыбын арнайы таңдап алдық.

Отбасы сотталғандар үшін ең жағымды сезімді тудырады. Мұнда қамауда отырып, олар өмір туралы, жанына жақын жандар жайлы  көп ойланады. Бостандықтықта отбасымен өткізген күндерінің шынай қадірін түсінеді. Сотталғандар шығармаларында "Бала сүю үлкен нығмет" Балалы үй базар" "Ата- ананың қадірін, балалы болғанда білесің" деп жазса, енді бірі, "...Балаңа берер тәрбиең, алдымен өзіңді жөндеуің..." деп жазған екен. Байқағанымыздай қамаудағылар мұнда отырып, өз істеріне өкініп, болашақта дұрыс жолға түсіп, ұрпағына тәлімді тәрбие бергісі келетіндіктерін  білдірген. Олай болса, бұл іс-шара олардың жан дүниесіне игі ықпалы етті деп сенеміз", – деді қор директоры Айтмамбетова Айжан.

Байқау нәтижесі бойынша, ынталандыру мақсатында, 1-орынға 2000 теңгенің, 2 және 3-орындарға 1000 теңгенің қазақтелеком  төлем карталары берілді.

Бұл картамен олар таксафон арқылы жақындарымен сөйлеседі.

"Бүгінгі байқауға қатысып, бағымды сынап көрдім. Отбасым туралы шығарма жаздым. Жақындарымды сағынып жүрмін. Мұнда отырып, жанұяның қадірін жете түсінгендеймін. Шыққан соң балаларыма дұрыс тәрбие бергім келеді. Ол үшін әрине, алдымен өзім өнегелі болуым керек. Өз-өзіме сынай қарап, мінез- құлқымды  қайта тәрбиелеп жүрмін. Өмірге деген көзқарасым да өзгерді. Шығармада ойымды еркін, жүйелі жеткізуге тырыстым. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1 орынды иелендім. Ұтып алған төлем картасымен отбасыммен бірнеше рет сөйлесетін болдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз", – деді сотталған азамат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу