Бұл жолы ол жанжалдың өршуіне Шерзат Полаттың әкесі Нұрымовтың пышақ алып шыққаны әсер еткенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Нұрғанат Ғайыпбаев жігіттерге "бәрі жақсы" деп айтып тұрған еді. Балалар өзара сөйлесіп тұрған, Қаржаубай пышақпен шықпағанша. Ол қалай шықты, сол мезетте соғыс (төбелес) басталып кетті, – деді ол.
Осы кезде мемлекеттік айыптаушы "Нұрымовтың қолындағы пышақпен біреуге дене жарақаты келтірілді ме?" деп сұрады.
– Бірінші шығарған кезде ол кісіде басқа пышақ болды, екіншісінде басқа пышақ болды. Мен ол кезде біреуге сұғып алатын ойы бар шығар деп ойладым. Өйткені, бірінші соққы жасаған кезде "тығып аламын" дегенде, тықса тығып алатын шығар деп ойладым, – деп сөзін жалғастырды Дархан Әскентай.
Осыған дейін оның Қаржаубай Нұрымовтың сөзін жоққа шығарғанын хабарлаған едік.