СОVID-19-ға қарсы вакцина: Үкімет басшысы тапсырма берді

673

Елімізде 6 өңір "қызыл аймақта" тұр.

СОVID-19-ға қарсы вакцина: Үкімет басшысы тапсырма берді

Премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігі мен облыс әкімдеріне вакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде ауруханалардағы төсек орын 33%-ға, жансау бөлімі 26%-ға толған. 

"Алайда 6 өңір "қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары. Бүгінде коронавирусқа қарсы шамамен 3 млн екпе жасалды: вакцинаның бірінші компонентін 2 млн-нан аса адам, екінші компонентін 1 млн-ға жуық адам алды", - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Ол вакцина қорын толтыру, егу пунктерінің санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Вакцинаның болу-болмауына байланысты ешқандай проблема жоқ. Егу науқанын кеңейту пандемиямен күресте ең маңызды әдіс болып саналады. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырамын", - деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин "Ashyq" мобильді қосымшасы қызмет көрсету саласында белсенді қолданылып жатқанын жеткізді. Осыған байланысты ол министрліктерге тапсырма берді.

"Денсаулық сақтау, әрі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлесіп, "Ashyq" қосымшасын eGov.kz порталындағы "СOVID-төлқұжатымен" интеграция жасау бойынша жедел шаралар қабылдасын. Ералы Ұлықпанұлы (Премьер-министрдің орынбасары – авторы) жалпы бақылау сізде", - деп түйіндеді сөзін премьер-министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу