СOVID-19: Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма?

2222

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

  СOVID-19: Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма?

"Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл бұл сауалға ресми түрде жауап берді. Ол осы кезеңде Ораза ұстаған адамдар оразасын бұзбай коронавирусқа қарсы екпені салдыра алатынын айтты. Яғни СOVID-19-ға қарсы екпені алу Ораза ұстау шарттарын бұзбайды", - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен брифингте.

Айта кетейік, биыл Ораза 14 сәуірде басталады. 10 мамырға қараған түн – Қасиетті қадір түні. Ораза айт мерекесі 13 мамырда, ал Құрбан айт 20-22 шілдеде болады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу