"Союз МС-11" экипажы Қазақстанға қонды

530

Қонған жерге Ресей Орталық әскери округінің Ми-8 тікұшақтары мен Ан-12 және Ан-26 ұшақтары келді.

"Союз МС-11"  экипажы Қазақстанға қонды

"Союз МС-11" кемесінің экипажы Қазақстанға қонды, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Ғарышта жарты жыл жүрген, ішінде Олег Кононенко, Давид Сен-Жак және Энн Макклейн болған "Союз МС-11" кемесінің жере қонушы аппараты, Қазақстанға сағат 08:49-да сәтті қонды. ХҒС-да ресейлік Алексей Овчинин мен американдық Ник Хейг пен Кристина Кук қалды", – делінген "Роскосмос" сайтында.

Қонған жерге Ресей Орталық әскери округінің Ми-8 тікұшақтары мен Ан-12 және Ан-26 ұшақтары келді.

"Екі Ми-8 тікұшағы "Байқоңыр" әуеайлағынан, екеуі – Қарағандыдан және сегізі – Жезқазған әуежайынан ұшып шықты. Сондай-ақ, Жезқазғаннан екі Ан-12 ұшағы, бір Ан-26 ұшып шықты. Тікұшақтар медициналық бригада мен қажетті жабдықтарды Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысына қарай 140 шақырым жерде аппаратты қондыруға мүмкіндік беретін аймаққа жеткізеді", – делінген Ресей Орталық әскери округінің хабарламасында.

Жерге қонған капсуланың координаттары жерге қондырылатын аппаратта орнатылған радиомаяктардың сигналдарын  Ан-26 ұшағына берді.

Бұған дейін хабарланғандай, іздестіру-құтқару жұмыстарына округтің 200-ге жуық әскери қызметшісі, 12 МИ-8 тікұшағы, төрт ұшақ (Ан-12 және Ан-26) және 20 бірлік автотехника, оның ішінде 6 жоғары өтімді іздестіру-эвакуациялық машина қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу