Созақта күн электр станциясы іске қосылды

1624

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болып, халықты газ, жарық пен жылумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалармен танысты.

Созақта күн электр станциясы іске қосылды

Созақ ауданы Шолаққорған ауылында орналасқан "ЮКСЭС-50" ЖШС күн электрстанциясы іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Күннен қуатталатын станцияға аудандағы индустриалды аймақтан 120 га жер берілген. Қауіпсіз энергия көздерін дамытуға бағытталған үлкен жоба аясында жүзеге асқан жаңа станцияда заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар қойылған.

Жоба құны 24 млрд теңгені құрады. Өндірістік қуаты – 50 мВТ. 30 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу