SpaceX-тің күтпеген шешімі Украинада наразылық тудырды

232

SpaceX компаниясы қозғалыс кезінде Starlink интернет-терминалдарының жұмыс жылдамдығын күтпеген жерден шектеді.

SpaceX-тің күтпеген шешімі Украинада наразылық тудырды Фото: spacexstock.com

Киев бұл жаңашылдықтың алдын ала ескертусіз енгізілгенін және соның салдарынан әскери операциялардың сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Украина президентінің кеңесшісі Сергей Бескрестновтың айтуынша, нысанның қозғалыс жылдамдығы сағатына 160 шақырымнан асқан кезде деректерді беру шектеуі автоматты түрде іске қосылады.

"Біздің Қорғаныс күштерімізге бұл шектеу туралы алдын ала ескерту жасалған жоқ. Соның салдарынан бірқатар маңызды миссия сәтсіз аяқталды", – деді Сергей Бескрестнов.

Бұл жағдай Еуропада дипломатиялық жанжалға ұласты. Терминалдардың жұмысындағы ақаулардан кейін Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский SpaceX негізін қалаушы Илон Маскке ашық түрде үндеу жасады.

"Әй, Илон, сен мықты жігітсің ғой, өнімдерің арқылы тағы да саясатпен айналысып жүрсің бе?

Біз, сенің еуропалық клиенттерің, сені мұқият бақылап отырмыз", – деп жазды Сикорский әлеуметтік желілерде.

Әзірге Илон Масктың өзі де, SpaceX компаниясының өкілдері де жылдамдық шектеуін енгізу себептеріне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу