SpaceX зымыранының төрт тонналық бөлігі Айға құлап, жаңа кратер пайда болды

381

​Америкалық SpaceX компаниясына тиесілі Falcon 9 зымыранының шамамен төрт тонналық, мектеп автобусындай көлемдегі екінші сатысы Ай бетіне құлап, жаңа кратердің пайда болуына себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

SpaceX зымыранының төрт тонналық бөлігі Айға құлап, жаңа кратер пайда болды Фото: The Independent

Оқиға Эйнштейн кратері маңында тіркелген. Зымыран бөлігі Айға сағатына шамамен 8700 шақырым жылдамдықпен соғылған. Мамандардың айтуынша, соққы күші үш тонна тротил жарылысына тең болған.

Әдетте мұндай зымыран сатылары ғарыштағы миссиясын аяқтағаннан кейін Жер атмосферасына қайта еніп, жанып кетеді немесе мұхитқа құлайды. Алайда бұл жолы зымыранның екінші сатысы 18 ай бойы Күн, Жер және Айдың тартылыс күшінің әсерінен траекториясын өзгертіп, нәтижесінде Аймен соқтығысқан.

SpaceX бұл жағдайдың алдын ала жоспарланбағанын мәлімдеп, жанармай қорының жеткіліксіздігі салдарынан траекторияны өзгерту мүмкін болмағанын хабарлады.

Сарапшылар оқиғаның Жер тұрғындарына қауіп төндірмейтінін айтқанымен, ғарыштағы пайдаланылған техниканы қауіпсіз жою мәселесіне назар аудару қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, бұл – пайдаланылған зымыран қалдығының Айға кездейсоқ соғылуы тіркелген екінші жағдай. Алғашқы осындай оқиға 2022 жылы болып, қытайлық Long March 3C зымыранының бөлшегі Айдың арғы бетіне құлап, қос кратер қалыптастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу