Спорт комитетінің төрағасы пара ретінде қымбат автокөлік алған

796

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғасының үстінен жаңа тергеу басталды.  

Спорт комитетінің төрағасы пара ретінде қымбат автокөлік алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша,  ол ақшалай 10 млн теңге және оған қоса құны 13 млн теңге болатын жол талғамайтын автокөлік алған, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.  

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты нақты шешімді олардың кінәсі анықталғаннан кейін сот шығарады.

Еске сала кетейін, 11 маусымда Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылары пара беруге талпынған деген күдікпен ұсталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу