Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына үстемеақы енгізіледі

Олардың апта сайынғы жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін төмендетіледі.  

Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына үстемеақы енгізіледі Фото: ast.nis.edu.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында оқу сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға бағытталған өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін үстемеақы енгізілетінін айтты. Бұл өзгерістер 2023 жылдан бастап күшіне енеді.

Асхат Оралов дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база талаптарға толық сәйкес келмейтінін және бұл ретте саланың нақты қажеттіліктері ескерілетінін, сондықтан министрлік қолданыстағы заң жобасына түзетулер енгізуді қолға алып отырғандығын атап өтті.

"Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға және педагог мамандығына қызығушылықты арттыруға көп көңіл бөледі. Осы ретте спорттық бағыттар назардан тыс қалмайды. Біз жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары тұрған спорт ұйымдарына, сондай-ақ спорттық атақтарға ұсынғаны үшін үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылдаймыз", – деді Мәдениет және спорт министрі.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу