Спорт нысандарының бір бөлігі ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлі бейімделмеген – сенат

208

Республикада мүгедектігі бар 743 мыңға жуық адам тұрады. 

Спорт нысандарының бір бөлігі ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлі бейімделмеген – сенат Фото: Сенат

Сенатор Айнұр Арғынбекова өзінің депутаттық сауалында инклюзивті спортты дамытудағы жүйелі кедергілер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат елімізде паралимпиадалық қозғалыс дамып келе жатқаны мен қаржыландыру ұлғая түскеніне, мамандандырылған инфрақұрылым құрылып, спортшылардың жетістіктері қоғамға үлгі болып келе жатқанына назар аударды. Алайда, мүгедектігі бар азаматтардың саны едәуір болса да олардың аз ғана бөлігі дене шынықтырумен жүйелі айналысады. Оның айтуынша, бұл спорт нысандарының қолжетімділігінің шектелуіне, мамандардың жетіспеуі мен ақпараттың аздығына байланысты. Осы тұрақты кедергілер салада әлі күнге дейін сақталып отыр.

"Елімізде мүгедектігі бар 743 мыңға жуық адам тұрады. Дегенмен осы санаттағы азаматтардың бір бөлігі ғана спортпен тұрақты түрде айналысады. Талдау көрсетіп отырғандай, кедергі болып отырған кешенді мәселелер бар. Спорт инфрақұрылымдарына қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі күйінде қалып отыр, ол нысандардың бір бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға толыққанды пайдалануға мүмкіндік жоқ. Кадрмен қамтамасыз ету де нашар болып отыр: бейімделу мақсатындағы дене шынықтыру және спорттық медицина саласындағы мамандарды даярлауда бірыңғай жүйе жасалмаған", – деді сенатор Айнұр Арғынбекова.

Сенат депутаты спорттық медицина саласында сараланған тәсілдерді енгізу, клиникалық хаттамаларды, білім беру бағдарламаларын және халықаралық сертификаттауды әзірлеу қажеттігін атап көрсетеді. Бұл ретте балалар мен жастарды спортпен қамтуда өңірлік айырмашылықтар сақталып отыр, дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу