Спорт секцияларына бару үшін ПТР тест тапсыру қажет емес

687

Коронавирустың табылмағаны, оны жұқтырып алмауға кепілдік бермейді.

Спорт секцияларына бару үшін ПТР тест тапсыру қажет емес

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қызметін жақында қайта бастайтын спорт секцияларына бару үшін ПТР тест тапсыру міндетті емес екенін айтты.

"Қазіргі санитарлық ережелерге сәйкес, ешбір салада қызметкерлер мен келушілер ПТР тест тапсыруға міндеті емес. ПТР диагоностикалық тест екенін еске сала кеткім келеді. Оны тапсыру үшін нақты бір клиникалық немесе эпидемиологиялық көрсеткіш болуға тиіс. Бір мекемеге барған кезде адамнан коронавирустің табылмағаны, оны 1-2 күннен кейін жұқтырып алмайтынына кепілдік бермейді. Өйткені біз қоғамдық көлікпен жүреміз, адамдармен араласамыз, әр түрлі жерлерге барамыз. Сол себепті спорттық секцияларға барған кезде ПТР тест тапсыруға негіз жоқ", – деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу