Спорт және демалыс қызметтері бір жылда 40%-ға өсті

536

Елімізде бос уақытты ұйымдастыруда қандай қызмет түрлері танымал?

Спорт және демалыс қызметтері бір жылда 40%-ға өсті Фото: google.com

Биылғы бірінші тоқсанда спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтер көлемі 164,9 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда ақшалай мәнде 39,1%-ға артық. Қызметтер көлемінің нақты өсімі –  20,8%, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Республика бойынша спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтердің ең көп көлемі Алматыға тиесілі: 97 млрд теңге.

Одан кейінгі орындарда Астана (15 млрд теңге), Қарағанды облысы (4,9 млрд теңге) және Шымкент (4,9 млрд теңге) орналасты.

Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген: 939,1 млн теңге.

Секторда спорт саласындағы қызметтерге 46,9 млрд теңге тиесілі болды. Оның ішінде спорт клубтарының қызметтері бір жылда 1%-ға өсіп, 7,2 млрд теңгені, спорт ғимараттарын пайдалану 11,1%-ға артып, 7,1 млрд теңгені құрады. Фитнес-клубтардың қызмет көрсеткіші 22,6%-ға қысқарып, 6,8 млрд теңгені құрады.

Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі 118 млрд теңгеге жетті. Атап айтқанда, ойын-сауық және тақырыптық саябақтардың қызметтері бір жылда 57%-ға артып, 2,7 млрд теңгені құрады. Қуыршақ театрлары – 75%-ға (298,5 млн теңгеге дейін), би залдары мен дискотекалар – 23 есеге (132 млн теңгеге дейін)

өсті. Бірақ родео және тир қызметтері 81,7%-ға азайды (322,2 мың теңгеге дейін).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу