Спортпен айналысатындардың санын бес жылда 5 пайызға арттырмақшы

1327

Бұқаралық спортты дамыту үшін былтыр 53 мың іс-шара өткізілді. 

Спортпен айналысатындардың санын бес жылда 5 пайызға арттырмақшы Фото: baq.kz

Мәдениет және спорт министрлігі алдағы 5 жылда спортпен тұрақты айналысатын адамдардың санын 35%-ға арттыруды жоспарлап отыр. 

Министр Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, қазір елімізде 5 млн 700 мың  адам спортпен жүйелі шұғылданады.

"Өткен жылдың қорытындысында спортпен тұрақты айналысатын адамдардың саны 5 млн 700 мың адамды немесе жалпы халық санының 30,6%-ын құрады. Біз денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың санын 2025 жылға қарай 35% пайызға дейін арттыру шараларын қабылдауымыз керек. Себебі бұқаралық спорт миллиондаған адамдарға олардың физикалық қасиеттері мен дене мүмкіндіктерін жақсартуға, денсаулығын нығайтып, өмірлерін ұзартуға мүмкіндік береді", – деді министр.

Оның дерегінше, саламатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спортты дамытудың аясында былтыр 53 мың іс-шара өткізілген. Іс барысында 6 млн 800 мың адам қамтыған.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу