Спортшылар медалін сатып жатыр

1213

Спортшылар медалін сатып жатыр

Иран мен Ирак шекарасындағы зілзаладан зардап шеккендер көмекке мұқтаж, деп хабарлайды khabar.kz.
Қазір оларға гуманитарлық қолдау көрсетіліп жатыр. Аймаққа азық-түлік, дәрі-дәрмек және тағы да басқа керек-жарақтар жүк таситын көліктермен жеткізілген. Тіпті Иран спортшылары да зардап шеккендерге қолдан келгенін жасап, жәрдемдесіп жатыр.

Ауыр атлетикадан олимпиада жеңімпазы Киануш Ростами өзінің "Инстаграмдағы" парақшасында 2016 жылғы олимпиада ойындарында ұтып алған алтын медалін аукционға қоятынын жазып, одан түскен қаражатты көмекке зәру адамдарға аударатынын мәлім етті. Сондай-ақ 2016 жылы паралимпиадада атыстан алтынды олжалаған Сарех Джаванмарди мен 2004 жылғы ойындарының күміс жүлдегері балуан Масуд Мостафа-Джокар да солай жасайтынын жариялады.

Айта кетейік, 12 қарашада Иран мен Ирак шекарасында 7,2 магнитудалық жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулері Бағдат қаласынан 204 шақырым жерде, ал Иранның Керманшах қаласынан 104 шақырым жерде болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу