Спорттық акробатикадан әлем чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды

937

Жылдың маңызды додасы биыл 20-31 мамыр аралығында өтуі тиіс болатын.

Спорттық акробатикадан әлем чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды

Халықаралық гимнастика федерациясы спорттық акробатикадан әлем чемпионатының өтетін уақытын белгіледі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған дүниежүзілік біріншілік 2021 жылдың 18-20 маусым күндері Женевада (Швейцария) өтеді деп жоспарлануда. Жылдың маңызды додасы биыл 20-31 мамыр аралығында өтуі тиіс болатын.

Алайда Швейцарияда бұқаралық шараларды өткізу мүскін болмағандықтан жарыс кейінге шегерілді. Сондай-ақ, 2022 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде, 2024 жылы Израильдегі Холонда әлемдік біріншілік өтуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу