Спорттық гимнастикадан Бакудегі лицензиялық әлем кубогі кезеңіне қатысатындар іріктелді

1218

Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия тарататын Бакудегі кубоктік дода 14-17 наурыз аралығында өтеді. Жарыс ережесі бойынша әрбір гимнастикалық снарядта бір елден екі спортшы бақ сынайды. 

Спорттық гимнастикадан Бакудегі лицензиялық әлем кубогі кезеңіне қатысатындар іріктелді

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде өтетін әлем кубогі қарсаңында оқу-жаттығу жиындарын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

3-12 наурыз аралығында өткен жаттығу жиынына Милад Карими, Аким Мусаев, Нариман Курбанов, Ербол Жантықов, Дмитрий Патаниндер қатысты. 

Ал Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия тарататын Бакудегі кубоктік дода 14-17 наурыз аралығында өтеді. Жарыс ережесі бойынша әрбір гимнастикалық снарядта бір елден екі спортшы бақ сынайды. 

Бакудегі әлем кубогі кезеңінде төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Еркін жаттығу: М. Карими, Д. Патанин

Ат снарядындағы жаттығу: Н. Курбанов, А. Мусаев

Шығыршық: Д. Патанин

Қол тіреп секіру: Д. Патанин, М. Карими

Қоссырық: Е. Жантықов, М. Карими

Гимнастикалық керме: Е. Жантықов, М. Карими

Бас бапкер: Александр Ким. 

Әлем кубогі кезеңіне спорттық гимнастикадағы үздік спортшылар түгелдей дерлік қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу