Спорттық интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы 25%-ға өседі

873

Федерациялар аясындағы үйірмелерде 300 мыңнан астам бала спортпен шұғылдана алады. 

Спорттық интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы 25%-ға өседі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.  

"Жолдауды іске асыру аясында ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес педагогтардың жалақысы 2020 жылдан 2023 жылға дейін 25%-ға өсетін болады. Бұл ұлғайту балалар-жасөспірімдер мектептері мен спорттық интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына да бағытталған", – деді министр. 

Сондай-ақ, спорттық федерацияларға тоқталған Ақтоты Райымқұлова балаларға арнап үйірмелер ашу туралы сөз қозғады. 

"Жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында спорттық секциялар ұйымдастыру қарастырылуда. Бүгінгі таңда миристрлікте 101 спорттық федерация аккредиттелген. Оларға қосымша 10 мыңнан асам спорт түрлері бойынша секциялар ашуға мүмкіндік берілмек. Нәтижесінде 300 мыңнан астам бала түрлі секцияларда шұғылдана алады", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу