Спорттық құзға өрмелеуден Азия және Океания чемпионатының өтетін уақыты белгіленді

909

Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) Токио Олимпиадасына лицензия үлестірілетін екі құрлықтық біріншіліктің өтетін орнын бекітті.

Спорттық құзға өрмелеуден Азия және Океания чемпионатының өтетін уақыты белгіленді

Океанияда өтетін FSC чемпионаты Сиднейде (Австралия), ал Азия біріншілігі Қытайдың Сямэнь қаласында өтеді деп жоспарланған. Осыған дейін Чунцинде жоспарланған құрлықтық дода коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған болатын, деп хабарлайды Olympic.kz.

Азия чемпионаты 10-13 желтоқсан күндері өтсе, Океания бойынша үздіктер 19-20 желтоқсан күндері анықталады.

Аталған додалар бұған дейін биыл наурыз айында өтуге тиіс еді. Алайда, Covid-19 індетінің әлемде өршіп кетуіне байланысты кейінге қалдырылды.

Екі чемпионатта да Токио Олимпиадасына екі жолдамадан үлестіріледі. Үздік атанған бір ер мен бір әйел спортшы төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысуға мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу