Стамбұл-Алматы рейстері Airbus A-330 әуе кемесімен орындалады

676

Стамбұл-Алматы рейстері Airbus A-330 әуе кемесімен орындалады

Turkish Airlines компаниясы Стамбұл-Алматы бағыты бойынша Airbus A-330 әуе кемесімен ұшатын болады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 1 маусымнан бастап, "Turkish Airlines" түрік әуе компаниясы Стамбұл - Алматы - Стамбұл бағыты бойынша Airbus A-330 кең фюзеляжды әуе кемесінің жаңа түрін пайдаланатын болады.
Бұл ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті мен Түркияның авиациялық билігінің біріккен жұмысының нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Осы бағытта А-330 жайлы әуе кемесінде рейстер Алматы қаласынан 06.45-те, ал Стамбұлдан сағат 20.25-те күнделікті орындалады.
Кең фюзеляжды А-330 әуе кемелерінің ерекшелігі - барлық класс жолаушылары үшін жайлы орындар қарастырылған, орындықтар арасындағы қашықтық басқа ұшақтармен салыстырғанда кеңірек, жолаушылар үшін ыңғайлы екі өтпесі бар, (эконом-классты қоса алғанда) әрбір жолаушы үшін жеке ойын-сауық жүйесі қарастырылып, бизнес-класс жолаушыларына арналған орындар толықтай жатқызылады, сондай-ақ арнайы камералар арқылы ұшақтың ұшуын әр жолаушының бақылауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кең әрі ауқымды әуе кемелерін пайдалану әуежайлар мен навигациялық жүйелер үшін қосымша табыс көзі екендігін атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу