Статистика: Елде 63 мың адам еңбек еткісі келмейді

822

Қазақстанда жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес 63,1 мың адам бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Статистика: Елде 63 мың адам еңбек еткісі келмейді

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл бірінші тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,9%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жалпы жұмыспен қамту 2021 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 35,1 мың адамға, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 30,8 мың адамға өсті. 

Толық жұмыспен қамтылмағандар саны – 254 мың адам.

Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) – 453,1 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Ол өзгеріссіз қалды.

"Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны – 63,1 мың. 15-28 жастағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,9%, NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі – 6,7%", - деп жазылған хабарламада.

Биыл сәуірдің соңында 193 мың адам жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелді. Олар жұмыс күшінің 2,1% құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу