Стенд атудан Қазақстан командасы биыл 5 лицензиялық турнирге қатысады

868

Оның төртеуі – әлем кубогі кезеңдері болса, біреуі – Азия чемпионаты. 

Стенд атудан Қазақстан командасы биыл 5 лицензиялық турнирге қатысады

Стенд атудан Қазақстан құрамасы бес бірдей ірі жарыста бақ сынайды, деп хабарлайды оlympic.kz. 

Стенд атудан Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері Мароккодағы Гран-при турниріне қатысып, оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команданың аға бапкері Оксана Середаның айтуынша, спортшылар үшін басты мақсат – Олимпиада ойындарына жолдама алу. 

Стенд атудан Қазақстан командасы биыл 5 лицензиялық турнирге қатысады. Оның төртеуі – әлем кубогі кезеңдері болса, біреуі – Азия чемпионаты. 

Аталған турнирлердің барлығында 2020 жылғы Токио Олимпиадасына ұпай таратылмақ. 

"Стенд атудан әлем кубогінің алғашқы кезеңі Мексикада өтеді. Бұл сынға қатысатын спортшыларымыз да дайын. Мексика төрінде Ангелина Мищук пен Ольга Панарина бақ сынайды. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін әлем кубогінің екінші кезеңіне Қазақстан командасы толық құраммен қатысады. Үшінші және төртінші кезең Оңтүстік Корея мен Финляндияда ұйымдастырылмақ", - дейді аға бапкер.

Стенд атудан Азия чемпионаты қараша айында Катар астанасы Дохада жалауын көтереді. Қазақстан спортшылары жоғарыда көрсетілген ірі турнирлердің барлығында бақ сынап, Олимпиадаға лицензия иелену үшін күш салмақ. 

Мароккодағы Гран-при турнирінде мергендеріміз жүлдеге іліккен жоқ. Енді құрама спортшылары кезекті Гран-при додасына қатысу үшін Кувейтті бетке алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу