Степногордағы күкірт қышқылын шығаратын зауыт толық қуатына көшті

1921

Степногордағы күкірт қышқылын шығаратын зауыт толық қуатына көшті

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде "Қазатомөнеркәсібі күкірт қышқылы зауыты" бірлескен кәсіпорнының  директоры Төлеужан Жексембаев мәлім етті.

Степногор тау-кен-химия зауыты 2008 жылы "Қазатоөнеркәсібі күкірт қышқылы зауыты" бірлескен кәсіпорны болып қайта құрылған. Жаңа кәсіпорын  күкірт қышқылы өндірісін темір сульфитінен  отандық шикізат – кесек күкіртке  көшірді.

"Күкірт қышқылы өндірісі 2015 жылдың соңында іске қосылып, 2016 жылдың соңында жылына 180 мың тонна күкірт шығара алатын толық өндірістік қуатына көшті", – деп тоқталып өтті Төлеужан Жексембаев.

Құны  13,3 млрд теңге болатын инвестициялық жоба  2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен 2015-2019 жылдарға арналған  индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылып отыр.

Жаңғыртудан өткен күкірт қышқылы зауыты 222  жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Оның  97%-ын жергілікті тұрғындар құрайды.  Орташа айлық еңбекақы - 154 526 мың теңге.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты бойынша  индустрияландырудың аймақтық картасы бойынша  2015 жылдан бастап 2017 жылдың қаңтары аралығында  сомасы  815,2 млрд теңгенің  110 жобасы іске асырылыпты. Оларда 13 мың жұмыс орны құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу