Степногорде өрт шыққан пәтерден екі бала құтқарылды

277

Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Степногорде өрт шыққан пәтерден екі бала құтқарылды Фото: видео скриншот

Ақмола облысының Степногор қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде болған өрттен екі бала құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт көппәтерлі тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтерден шыққан. 

- Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт болған пәтерден екі және жеті жасар бала құтқарылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған, - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу