Степногорск іргесінде құрғақ шөп өртенді

360

Өртенген аумақ 420 гектарды құрады

Степногорск іргесінде құрғақ шөп өртенді Фото: Ақмола облысы ТЖД

24 шілдеде сағат 13:15-те Ақмола облысы Ақкөл ауданының Искра ауылынан 20 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп, орманды жерге көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртеніп кеткен құрғақ шөптің ауданы - 420 гектар. Сондай-ақ, "Первомай орман шаруашылығы" КММ-ның 0,7 гектар жері өртенген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қызыл жалын сағат 16:45-те оқшауланды.

Өрт орнында Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінен, жергілікті атқарушы органдардан, орман шаруашылығыған және МЕӨҚҚ 69 адам, 15 бірлік техника мен "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу