Степногорскта 22 км жылу магистральдарын жаңғырту аяқталды

318

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.

Степногорскта 22 км жылу магистральдарын жаңғырту аяқталды Фото: uralskweek.kz

Биыл Степногорск қаласында Степногорск ЖЭО-нан қалаға дейінгі учаскелерде магистральдық жылу желілерін ауыстыру және реконструкциялау бойынша жобалар іске асырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, диаметрі 800 мм жылу желілерінің 8,2 км, диаметрі 600 мм желілердің 0,7 км және диаметрі 500 мм желілердің шамамен 14 км учаскесі жаңартылды, осылайша ауыстырылған магистральдық жылу желілерінің жалпы ұзындығы 22 км-ден асты.

Аталған жұмыстар бюджеттік жобалар, сондай-ақ "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде жылу тасымалдаушы ұйым – "Степногорск Теплотранзит" ЖШС тарапынан жүргізілді.

Диаметрі 800 мм жылу магистралін реконструкциялау жобасы екі жылға есептелген және келесі жылы да жалғасын табады.

Жөндеу жұмыстары тұтынушыларды жылыту маусымы кезеңінде сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, желілердің тозуы мен жылу шығындарын азайтуға, сондай-ақ авариялық жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдің энергетикалық кәсіпорындарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысына инспекциялық бақылау жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу