Степногорскте кішкентай 2 баланың үстіне бір қазан ыстық сорпа төгіліп кеткен

143

Бүлдіршіндер тікұшақпен Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Степногорскте кішкентай 2 баланың үстіне бір қазан ыстық сорпа төгіліп кеткен Фото: Бейнежазбадан

Ақмола облысы Степногорск қаласында екі бала үстіне қайнаған сорпа төгіп алды. Осыдан кейін оларды Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару” АҚ басқаратын тікұшақ шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2020 және 2023 жылы туған екі бала қайнаған сорпаны үстіне төгіп алған. Салдарынан балалар жарақат алып, күйік шалған. Балалардың жағдайы қалалық ауруханада тұрақтандырылды. Ал Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ басқаратын тікұшақ кейін оларды Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Степногорск қаласының полиция бөлімі балаларға қатысты оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Степногор қаласының полиция бөлімі кәмелетке толмаған екі баланың термиялық күйіктерін тіркеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу