Стойлов Еркебұлан Сейдахметті ұлттық құрамаға шақырды

684

Стойлов Еркебұлан Сейдахметті ұлттық құрамаға шақырды

Ресейлік "Уфаның" 18 жастағы қазақстандық шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасының алдағы жолдастық кездесулеріне шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станимир Стойлов айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz. 
"Сейдахмет ұлттық құрамаға шақырту алды. Мені оның маңайында болып жатқан әңгімелер мазалап отыр. Сондықтан Сейдахметке қатысты циркті тоқтату керек. Мен оған осыны түсіндіргім келеді. Өйткені, ол әлі "Уфа" сапында әлі бірде бір ресми кездесу өткізген жоқ. Кездескен кезде бізде Еркебұланмен жақсы әңгіме болады", - деді Стойлов. 
Еске салайық, Сейдахмет ақпан айының басында "Уфа" клубымен келісімшарт жасады. Ресейлік клубпен ол екі жаттығу жиындарына қатысты. Содан соң команда ойыншыларының қатарына қосылды. 
Стойлов қызметіне ресми түрде бүгін, 1-наурыз күні тағайындалды. Астана өткен баспасөз жиыны кезінде болгариялық маман "Астана" клубынан кететінін де айтты.
Наурыз айында Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді. Тарқатып айтсақ, 23 наурыз күні Венгрия құрамасымен, 26 наурыз күні Болгария құрамасымен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу