Стритболдан Азия чемпионаты өтеді

957

Стритболдан Азия чемпионаты өтеді

Көше баскетболы немесе стритбол деп аталған спорт түрі біздің елде қарқынды дамып келеді. Өткен жылғы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы екінші орыннан көрінген болатын. Биыл 26-28 мамырда Малайзияда, 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия кубогы жолындағы турнир басталады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Малайзиядағы турнирге сары құрлықтан 32 команда қатысады. Демиан Лонг баптайтын Қазақстан қыздар құрамасы мен жігіттер командасы плей-офф кезеңіне шығуды көздеп отыр. Азия кубогынан кейін 28 маусымда Қытайдың Ченду қаласында әлем кубогы үшін жарыс басталады. Оған Қазақстаннан Раиля Мубаракова мен Мәдина Байбөлекова, Эвиелина Борисова мен Ирина Евсюковалар қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу